Lancôme — La Vie Est Belle L’Élixir

20600,00
Lancôme — La Vie Est Belle L’Élixir
Бұл парфюм — өте тәтті, әйелдік, балғын әрі қымбат естілетін хош иіс. Алғашқы минуттарда қою ваниль, қызыл жидектер және гүлдердің нәзік тәттілігі сезіледі. Біраздан соң хош иіс тереңдеп, ирис, пачули және тонка бұршағы хош иіске жылы, жұмсақ, өте тартымды реңк береді. Елiктiргiш, сезімтал, нағыз “әйелдік энергия” хош иісі.
Бұл парфюмді таңдаған әйел:
• Тәтті, нәзік, бірақ қымбат естілетін хош иістерді ұнатады
• Айналасында жылы, тәтті, тартымды аура қалдырғанды қалайды
• “Сенен сондай тәтті, әдемі иіс шығып тұр”
немесе
“Өте жағымды, жұмсақ, қымбат хош иіс екен”
деген комплименттерді жиі естиді
L’Élixir-дің басты ерекшелігі — оның қою тәттілік пен гүлдердің мінсіз балансы. Тәтті, бірақ ауыр емес. Әйелдің нәзіктігін, тартымдылығын, жұмсақтығын әдемі көрсететін хош иіс. Әсіресе салқын ауа райында өте әсерлі ашылады.
Бұл парфюм — кездесуге, кешке, күнделікті стильге, тіпті мерекелік образдарға да мінсіз үйлеседі.
Тұрақтылығы:
Өте жоғары. Теріден 8–12 сағат, киімде бірнеше күн сақталады. Шлейфі — жылы, тәтті, әйелдік, айналаңызда әдемі аура қалдырады.
Lancôme — La Vie Est Belle L’Élixir — бұл жай тәтті парфюм емес. Бұл — жұмсақтық, нәзіктік, тартымдылық пен әйел энергиясының хош иісі. Бір иіскеген жан қайта айналысады.

Made on
Tilda