Chopard — Vetiver Бұл парфюм — таза, салқын, ағашты хош иіс. Алғашқы секундтарда жеңіл цитрус пен жасыл ноталар сезіліп, бірден сергітеді. Артынан табиғи гаити ветивері, құрғақ ағаштар және жердің жеңіл иісі ашылып, парфюмге тереңдік пен қымбат, жинақы стиль береді. Бұл иіс — әйелде де, ер адамда да таза, стильді, уверенный болып шығады. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Таза, салқын,бай хош иістерді ұнатады • “Сенен сондай таза, қымбат, ерекше иіс шығып тұр” деген комплименттерді жиі естиді Chopard Vetiver-дің басты ерекшелігі — оның табиғи ветиверді өте таза әрі заманауи етіп көрсетуі. Иіс салқын, минималист, бірақ өте премиум естіледі. Ерекше, бірақ шаршатпайды. Бұл парфюм — күнделікті қолдануға, жұмысқа, қалалық стильге мінсіз. Әсіресе көктем мен жазда әдемі ашылады. Тұрақтылығы: Жақсы деңгейде. Теріден 6–8 сағат сақталады, киімде ұзақ тұрады. Шлейфі — таза, салқын, ағашты, жинақы әрі есте қалады.
Сіздің тапсырысыңыз:
Шыққан сумманы каспиге енгізіп төлейсіз. Төлеген соң сізбен менеджер байланысқа шығады