Prada — Paradoxe

17200,00
Prada — Paradoxe
Бұл парфюм — таза, тәтті, нәзік әрі өте заманауи әйелдерге арналған хош иіс. Алғашқы секундтарда апельсин гүлі, бергамот және жемісті тәтті ноталар сезіліп, бірден әйелдік, жұмсақ аура береді. Біраздан соң хош иіс мускус, ваниль және ақ гүлдердің жылы реңктерімен тереңдеп, өте жуас, таза, әдемі шлейфпен ашылады.
Бұл парфюмді таңдаған әйел:
• Жеңіл, нәзік, бірақ есте қаларлық “таза әйелдік” иісті ұнатады
• Қандай ортада болмасын таза, жинақы, тартымды болып көрінгісі келеді
• “Сенен сондай әдемі, таза иіс шығып тұр”
немесе
“Өте жағымды, нәзік, бірден саған жарасып тұр”
деген комплименттерді жиі естиді
Paradoxe-тың басты ерекшелігі — оның таза мускус + гүлдер + жеңіл тәттілік балансы. Тәтті, бірақ ауыр емес. Жемісті, бірақ тым қарапайым емес. Өте “жақыннан сезілетін”, нәзіктікті әдемі көрсететін әйелдік хош иіс.
Бұл парфюм — күнделікті қолдануға да, жұмысқа да, кездесуге де мінсіз келеді. Әмбебап, барлық маусымда әдемі ашылады.
Тұрақтылығы:
Paradoxe — өте жақсы стойкость береді: теріде 6–8 сағат, киімде ұзақ сақталады. Шлейфі — жұмсақ, нәзік, таза, әйелдік аура қалдыратын.
Prada — Paradoxe — бұл жай тәтті-гүлді парфюм емес. Бұл — тазалық, нәзік энергия және заманауи әйелдің хош иісі. Бір иіскеген жанға ұмытылмас әсер қалдырады.

Made on
Tilda