Бұл иіс — классикалық ванильдің жаңа деңгейге көтерілген нұсқасы. Бай, жылы, сексуалды. Оның иісі тыныштық бермейді – ол назар сұрамайды, назарды тартып алады. Бұл – еркіндікті, батылдықты және стильді үйлестіре білетін әйелдің иісі. Бұл парфюмді таңдаған әйел: • Ерекше иіссіз күнін елестете алмайды • Жай ғана "иіс шығару" үшін емес, әсер қалдыру үшін таңдайды • “Қасыңнан өткенде иісің бірден сезілді, қатты ұнады” немесе “Сенен дәмді, еліктіретін иіс шығып тұр” деген ашық, шынайы комплименттерді жиі естиді Vanilla Sex-тің басты ерекшелігі — ванильдің тәтті әрі жылы реңкіне мускус, дәмдеуіштер және сәл түтінділік қосылуы. Бұл оны жай "тәтті" иіс емес, терең әрі тартымды иіске айналдырады. Ол денеде ашылған сайын жылы шлейфке айналып, жақын тұрған адамның есін алады. Иісі нәзік те емес, өткір де емес — өте жақсы баланста. Кешкі кездесулерде, маңызды іс-шараларда немесе өзіңізді тартымды сезінгіңіз келген кез келген сәтте қолдануға мінсіз. Тұрақтылығы: Vanilla Sex — өте стойкий парфюм. Теріден 8–10 сағатқа дейін сезіледі, ал киімде бірнеше күн сақталады. Шлейфі терең әрі еліктіргіш — сіз бөлмеден шыққаннан кейін де иісіңіз әңгіме бола береді. Tom Ford — Vanilla Sex — бұл жай ваниль емес. Бұл еліктіргіштік, сенімділік және тартымдылықтың хош иіс түріндегі көрінісі. Иіс іздеп жүрген адам емес, иіспен есте қалатын адам болғысы келетіндер үшін.