Аты қандай батыл болса, иісі де дәл сондай әсерлі. Бұл парфюм — шектеуді ұнатпайтын, өзін сенімді ұстайтын, статус пен стильді иіспен жеткізгісі келетіндерге арналған. “Fabulous” — сіздің ортада кім екеніңізді ештеңе айтпай-ақ білдіретін иіс. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Ерекше иіссіз өмірін елестете алмайтын • Қымбат иістерді ғана емес, терең мінезді де бағалайтын • “Сенен біртүрлі еліктіретін, стильді иіс шығып тұр” деген тікелей комплименттерді жиі естиді Fabulous-тың басты ерекшелігі — терең, жылы, былғары мен ванильдің керемет үйлесімі. Алғашқы ноталарында лаванда мен шалфейдің таза сергектігі, жүрегінде былғары, бадам және ирис. Соңында тонка бұршағы, ақ орман және ваниль иісімен жұмсақ, бірақ қанық шлейф қалады. Бұл парфюм феромон секілді әсер етеді. Ол сіз туралы “мен мұндамын” деп ашық айтпайды, бірақ айналаңыздағы адамдардың назары сізге еріксіз ауады. Ерлерге де, әйелдерге де жарасатын унисекс иіс, бірақ әркімнің терісінде ерекше ашылады.