Parfums de Marly — Valaya Бұл иіс — ақ көйлек секілді: таза, талғамды және әрқашан жарасымды. Valaya — нәзіктікті мінсіз жеткізетін, сырттай тыныш, ішкі жағынан магниттей тартатын әйелдің иісі. Оның иісі — сабырлы сенімділік пен әйелдік энергияның үйлесімі. Бұл парфюмді таңдаған әйел: • Жұмсақ сөйлеуімен де, иісімен де әсер қалдыра алады • Артық ештеңе қоспай-ақ табиғи тартымдылықты көрсетеді • “Сенен сондай таза, бірақ өзіне тартатын ерекше иіс шығып тұр” немесе “Сенің иісің тыныш, бірақ ұмыту мүмкін емес” деген шынайы, жүректен шыққан комплименттерді жиі естиді Valaya-ның басты ерекшелігі — нәзік гүлдер мен сәл мускусты ағаш ноталарының тамаша балансы. Алғашқыда ақ шабдалы мен мандариннің жеңіл, балғын ноталары сезіледі. Одан кейін апельсин гүлі, ирис пен махаббат гүлінің әйелдік жүрегі ашылады. Соңында теріде мускус, ваниль және кашмир ағашының жылы, еліктіргіш, теріге сіңіп кететіндей шлейфі қалады. Бұл парфюм — таза, бірақ суық емес. Керісінше, жылы әрі сезімге әсер ететін. Жақындаған сайын тартады. Жанында болған адам иісті емес, сізді есінде сақтайды. Тұрақтылығы: Valaya — жоғары стойкостьке ие. Теріден күні бойы кетпейді, киімде бірнеше күнге дейін сезіледі. Шлейфі жұмсақ, бірақ бай — ол сіздің образыңыздың соңғы, бірақ ең маңызды штрихы. Parfums de Marly — Valaya — бұл әйелдің ішкі балансының, тазалығы мен тартымдылығының хош иістегі көрінісі.