Givenchy linterdit

8200,00
Бұл иіс — нәзіктіктің артында тыйым салынған құмарлық жатқанын дәлелдейтін хош иіс. L’Interdit — француз тілінен аударғанда “тыйым” дегенді білдіреді. Бірақ бұл парфюм ешқандай тыйымды тыңдамайды. Ол — сіздің ішкі еркіндігіңіз бен батыл әйелдігіңіздің үнсіз көрінісі.
Бұл парфюмді таңдаған әйел:
• Көп нәрсені үнсіз жеткізе алатын
• Нәзік көрінгенімен, ішінде от бар екенін біледі
• “Сенен сондай әсерлі, әйелге тән иіс шығып тұр. Ұмыта алмайтындай” деген ашық, шынайы комплименттерді жиі естиді
L’Interdit-тің басты ерекшелігі — гүлді нәзіктік пен қою ағаш ноталарының қарама-қайшы үйлесімінде. Алғашқыда апельсин гүлі, жасмин мен туберозаның жарқын гүлді ноталары ашылады. Артынан ветивер мен пачули қосылып, теріде жұмбақ әрі еліктіргіш, сексуалды шлейф қалдырады.
Бұл иіс — алғашқы кездесуден бастап естелік қалдыру үшін мінсіз таңдау. Ол тым тәтті де емес, тым жеңіл де емес — бәрі нақты мөлшерде.
Тұрақтылығы:
L’Interdit — жоғары стойкостьке ие. Теріден күні бойы, ал киімде бірнеше күн сақталады. Шлейфі анық, терең, сезімге әсер ететін. Бұл – сіз өткен соң артына бұрылып қарайтын адамдар қалатын иіс.
Givenchy — L’Interdit — бұл жай хош иіс емес. Бұл — сіздің шекараңызды кеңейтетін, ішкі сенімділігіңізді еске салатын, тартымдылықты батыл жеткізетін иіс.
Made on
Tilda