Бұл парфюм — классикалық тартымдылық формулаларын бұзатын, шеңберден тыс иіс. Bergamask — инстинктке жұмыс істейтін иіс. Бұл парфюмді адамдар ұнату үшін емес, сезіну үшін жасайды. Иіске сенім артатын, өз ерекшелігін мақтан тұтатын адамға арналған. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Көпке ұнауға тырыспайды, тек өзіне шынайы • Иіс арқылы сөз айтпай-ақ, ой қалдыруды біледі • “Сенен таныс емес, бірақ ерекше тұратын иіс шығып тұр. Қасыңда тұрсаң, басқа ештеңе сезбей қаласың” деген бейсаналық деңгейдегі комплименттерді жиі естиді Bergamask-тың басты ерекшелігі — оның ашықтығында емес, жасырын магнетизмінде. Алғашқыда бергамоттың жарқын цитрусты ашылуы сезіледі. Бірақ бірнеше минуттан соң бұл иіс жануарлық базаға түсіп, мускус, былғары, тері иістерін еске салады. Бірақ бәрі дөрекі емес — өте органикалық, терімен араласып, сіздің бір бөлігіңізге айналады. Бұл иіс жұртқа ұнайтын тәтті не "таза" шлейф емес. Бұл — стиль емес, болмыс. Bergamask сізді әдемілеп көрсетпейді. Ол сіздің нағыз табиғи харизмаңызды сыртқа шығарады. Тұрақтылығы: Bergamask — аса жоғары стойкостьке ие. Теріден кем дегенде 12 сағат, ал киімде бірнеше күн бойы сақталады. Шлейфі – ұзақ, терең, “классикалық емес”, бірақ дәл осы себепті ерекше есте қалады. Orto Parisi — Bergamask — бұл жай иіс емес. Бұл – ішкі еркіндік пен интуитивті тартымдылықтың бейнесі. Ол иісіңізді емес, сізді ұмыттырмайды