Бұл парфюм — қымбат коньяк секілді: жылы, бай, терең. Angels’ Share – бір иіскегеннен кейін ұмытылмайтын, көңіл мен тәнді бірге баурайтын хош иіс. Бұл — тартымдылықты асырып көрсетпейтін, бірақ өзінен өзі еліктіріп тұратын хош иістердің бірі. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Өзін көрсетуді айқаймен емес, иіспен жеткізеді • Жақын болуға итермелейтін жұмсақ энергияға ие • “Сенен сондай дәмді, мас қылатын иіс шығып тұр. Қасыңнан кеткің келмей қалады” деген комплименттерді жиі естиді Angels’ Share-дің басты ерекшелігі — коньяк, даршын, емен ағашы мен тәтті ванильдің үйлесімділігі. Алғашқыда ликер ноталары жеңіл мас қылады, артынан даршын мен пралине жылы әрі тәттілік береді. Теріңізде иіс ағаш, тәтті, шипалы бағытта ашылады – еліктіргіш, жылы, сексуалды. Бұл унисекс парфюм, бірақ әр адамның терісінде өзінше өмір сүреді. Ер адамда – стиль мен байлықтың символы, әйелде – жұмбақ пен тартылыс. Тұрақтылығы: Angels’ Share — өте жоғары стойкостьке ие. Теріден 10–12 сағатқа дейін, ал киімде бірнеше күнге дейін сақталады. Шлейфі қанық, жылы, терең — сіз жүрген жердің иісін өзгертіп, адам ойын сізге қайта әкеліп отырады. Kilian — Angels’ Share — бұл жай хош иіс емес. Бұл — тілсіз флирт. Жақын болуды аңсайтын, сіз туралы ұмытпайтын адамдардың иіс арқылы жүрегінде орын алуы.