Chopard — Magnolia au Vétiver du Haïti Бұл иіс — жеңіл, таза, бірақ өз стилі бар әйелдің иісі. Magnolia au Vétiver — табиғатпен үндес, сергек, талғамы жоғары әйелдерге арналған. Артық пафоссыз-ақ сұлулық пен ішкі үйлесімді жеткізетін хош иіс. Бұл парфюмді таңдаған әйел: • Табиғи болмысынан алыстамай, өзін жоғары деңгейде ұсынғысы келеді • Әр күнді жеңілдікпен, бірақ өз стилімен өткізетін әйел • “Сенен сондай сергек, таза иіс шығып тұр. Жаныңда болу жеңіл” деген шынайы, жылы комплименттерді жиі естиді Magnolia au Vétiver-дің басты ерекшелігі — магнолия гүлі мен Гаити ветиверінің үйлесімі. Алғашқы ноталарында грейпфрут пен ақ гүлдердің балғындығы сезілсе, жүрек бөлігінде магнолия мен жасмин нәзіктігі ашылады. Соңында жеңіл ағаш ноталары мен ветивер теріде табиғи әрі таза шлейф қалдырады. Бұл парфюм – әсірелеусіз талғам. Кеңсеге, күнделікті серуенге, тіпті жағымды кештерге де жарасады. Жан тыныштығын, ішкі тазалықты, табиғилықты бағалайтын әйелдің иісі. Тұрақтылығы: Magnolia au Vétiver — орташа стойкостьке ие парфюм. Теріден 6–8 сағатқа дейін, ал киімде күні бойы сезіледі. Шлейфі жұмсақ, балғын, бірақ адамдардың есінде қалатындай жеткілікті. Chopard — Magnolia au Vétiver du Haïti — бұл нәзіктік пен балансты, тыныштық пен талғамды біріктірген иіс. Табиғи сұлулықты асыра көрсетпей-ақ жеткізетін заманауи әйелдер үшін.