Бұл иіс — қазіргі заманның стильді, тартымды ер адамын сипаттайтын хош иіс. Өзіне сенімді, өмірден ләззат ала білетін, харизмасы бар ерлерге арналған. Иісі еркін, заманауи және айналадағы адамдардың назарын еріксіз өзіне аударады. Бұл парфюмді таңдаған ер адам: • Жай ғана “иіс” емес, әсер қалдыратын стиль іздейтін • Қарапайым күнді де ерекше сәтке айналдыра білетін • “Сенен керемет иіс шығып тұр!” немесе “Қасыңда тұрғанда өзіңнен кеткің келмейді” деген комплименттерді жиі естиді Stronger With You-дың басты ерекшелігі – тәттілік пен еркектік энергияның мінсіз балансы. Алғашқы ноталарында кардамон мен шие сезіледі – сәл тәтті, сәл дәмді. Біраз уақыттан соң лаванда мен шалфей жұмсақтығы ашылады. Соңында кашмир ағашы, ваниль және кәріптас теріде бай, тартымды шлейф қалдырады. Бұл — әйелдерден жиі комплимент еститін иістердің бірі. Тұрақтылығы: Stronger With You — шлейфі ұзақ сақталатын, жоғары стойкостьке ие иіс. Теріден күні бойы кетпейді, ал киімде бірнеше күн бойы сезіледі. Жанынан өткен адамға міндетті түрде әсер етеді. Armani — Stronger With You — бұл жай иіс емес. Бұл сіздің стиліңізді, мінезіңізді және тартымдылығыңызды айқындайтын маңызды бөлшек. Қайда барсаңыз да, сіз туралы айтып тұратын иіс.