Thomas Kosmala — No. 4 Après l’Amour Бұл иіс — шекара бұзатын, флирт оятатын, таза дененің жылуын еске түсіретін парфюм. Аты айтып тұрғандай, бұл — құштарлықтың артындағы тыныштық, бірақ энергиясы өшпеген сәт. No. 4 — нағыз “иіспен сөйлей алатын” парфюм. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Сөзсіз әсер қалдыруды біледі • Тым көп айтпай-ақ назарды аударуды ұнатады • “Сенен сондай тартымды иіс шығып тұр... шынымды айтсам, жақыныңда болғым келіп тұр” деген тікелей әрі еліктіргіш комплименттерді жиі естиді No. 4-тің басты ерекшелігі — феромон секілді табиғи тартымдылықты жеткізе білуінде. Бастапқыда лимон мен ащы цитрустардың сергектігі сезіледі. Бірақ ең басты рөлді — амбра мен мускус ойнайды. Олар теріде ерекше, таза әрі сексуалды шлейфке айналады. Иіс ауада “мен осы жерден өттім” деп естелік қалдырады. Бұл унисекс иіс — ерлерде де, әйелдерде де мүлде басқаша ашылады, бірақ ортақ белгісі – адамды тартып тұратын жұмбақ энергия. Тұрақтылығы: Après l’Amour — өте жоғары стойкостьке ие. Теріден 10–12 сағат бойы кетпейді, киімде бірнеше күн бойы сезіледі. Шлейфі ортадан жоғары, әсіресе жылы ауада ашық әрі ұзақ сезіледі. Thomas Kosmala — No. 4 — бұл жай иіс емес. Бұл — сезімге жұмыс істейтін, адамның санасында із қалдыратын, еркіндік пен тартымдылықты жеткізетін хош иіс. Сіз бұл парфюммен жүрмейсіз — сіз оны алып жүресіз.