Widian — London Бұл парфюм — терең, жылы, шығыстық-ағашты, өте қымбат естілетін хош иіс. Алғашқы секундтарда ладан, даршын, шафран сияқты бай специялар сезіліп, бірден ерекше, премиум әсер береді. Уақыт өткен сайын хош иіс тереңдеп, уд, сандал ағашы, мускус сияқты жылы, қанық ноталар ашылып, London-ның нағыз мінезі көрінеді. Бұл — жай парфюм емес, араб-европалық стильдің қоспасы, өте статусный, өте ерекше иіс. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Ерекше, терең, шығыстық-ағашты хош иістерді ұнатады • Кездесе бермейтін, бірден танылады, есте қалады • “Сенен сондай қымбат, бай иіс шығып тұр” немесе “Бұл қандай парфюм? Өте ерекше, бірден назар аударады” деген комплименттерді жиі естиді Widian London-ның басты ерекшелігі — оның специя + уд + ағаш комбинациясы. Тәтті емес, тым ауыр да емес. Ауыр шығыстық парфюмдерді көтере алмайтын адамдарға да өте үйлесімді. Хош иіс өте жылы, бай, мәртебелі түрде ашылады. Әсіресе салқын ауа райында керемет шығады. Бұл хош иіс — күнделікті қолдануға емес, кешкі стильге, іс-шараға, ерекше күндерге, статус көрсететін образға арналған. Тұрақтылығы: London — өте стойкий. Теріден 10–12 сағат, киімде бірнеше күн сақталады. Шлейфі — қанық, жылы, шығыстық, бірден сезілетін, есте қалатын. Widian — London — бұл жай шығыстық парфюм емес. Бұл — байлық пен орданың энергетикасы бар, терең, премиум деңгейдегі хош иіс. Айналаңызда кім тұрса да, сізді иісіңізден танитын болады.