Maison Francis Kurkdjian — L’eau À la Rose Бұл иіс — раушан гүлінің ең таза әрі заманауи интерпретациясы. Жеңіл, таза, бірақ өте талғампаз. L’eau À la Rose — романтикалық көңіл күйге толы, нәзік те, стильді де бола алатын әйелдің таңдауы. Бұл парфюмді таңдаған әйел: • Тым айқайламай-ақ әсер қалдыра алатын • Табиғи сұлулық пен ұқыптылықты жоғары бағалайды • “Өзіңнен сондай балғын, гүл секілді иіс шығып тұр. Көңіл-күйді көтеріп жібереді” деген комплименттерді жиі естиді L’eau À la Rose-тың басты ерекшелігі – екі түрлі раушан түрінің үйлесімі: болгар раушаны мен дамаск раушаны. Бастапқыда қарақат пен личидің жемісті, сергек ноталары ашылады. Жүрек бөлігінде нәзік гүлді композиция басталып, соңында жұмсақ мускус теріде таза, жеңіл, әйелге тән шлейф қалдырады. Бұл парфюм — күнделікті қолдануға таптырмас. Кеңсе, кездесулер, серуен немесе жай ғана таза күйде жүру үшін – әмбебап шешім. Иісі ешқашан артық болмайды, бірақ әрдайым ұмытылмас әсер қалдырады. Тұрақтылығы: L’eau À la Rose — жеңіл иіс болғанына қарамастан, өзінің класын көрсетеді. Теріден 6–8 сағатқа дейін сақталады, ал киімде шлейфі күні бойы байқалады. Бұл — шлейфі жеңіл, бірақ сапасы жоғары иіс іздейтіндер үшін керемет таңдау. Maison Francis Kurkdjian — L’eau À la Rose — бұл нәзіктіктің, тазалықтың және нағыз француз талғамының көрінісі. Әдемілік табиғилықта деген ұстанымдағы әйелдер үшін.