Maison Crivelli — Oud Maracujá Бұл иіс — тропикалық жемістің жарқындығы мен терең шығыс ағашының күші арасындағы соқтығыс. Oud Maracujá — ашық, экспрессивті, және банальды емес. Бұл жай хош иіс емес — бұл көңіл күй мен харизма, иіс түріндегі әсер қалдыру. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Қарапайым шеңберлерге сыймайтын • Хош иіспен “ұнауды” емес, жақсы есте қалуды көздейтін • “Сенен сондай ерекше, экзотикалық, бірақ байсалды иіс шығып тұр” деген ерекше комплименттерді жиі естиді Oud Maracujá-ның басты ерекшелігі — пассифлора (маракуйя) мен удтың бір бөтелкеде қатар тұруы. Бұл — тәттіліктің артында жатқан терең мінез. Алғашқыда экзотикалық жемістердің қышқыл, шырынды серпілісі сезіледі. Артынан иіс қоюланып, ағаш, тері, мускус және шығыс дәмдеуіштері арқылы теріде еліктіргіш, бай шлейфке айналады. Бұл — көпшіліктің иісі емес. Бұл — өзін ерекше сезінгісі келетін, жұрт не ойлайды дегенге қарамайтын, ішкі оты бар адамның иісі. Ол сізді "дәмді" етіп көрсетпейді — ол сізді жұмбақ әрі тартымды етеді. Тұрақтылығы: Oud Maracujá — өте жоғары стойкостьке ие. Теріден 10–12 сағат бойы кетпейді, ал киімде бірнеше күн бойы сезіледі. Шлейфі қанық, күрделі — артта тек иіс емес, әсер қалдырады. Maison Crivelli — Oud Maracujá — бұл тәттілік пен күші бар иіс. Жұмсақ емес, бірақ еліктіргіш. Асау емес, бірақ баурап алады. Бұл — сіздің тартымдылығыңызға үнсіз қызмет ететін жеке аура.