Бұл парфюм — мұз үстінде құйылған қымбат водка секілді: салқын, таза, бірақ ішінде от бар. Vodka on the Rocks — суықтықпен еліктіретін, эмоциясыз емес, ұстамды тартымдылықтың иісі. Бұл иіс — өзіне тым сенімді адамдарға ғана жарасады. Бұл парфюмді таңдаған адам: • Іштей салқынқанды, бірақ өзгеге әсер етпей қоймайтын • “Сенен сондай салқын, таза иіс шығып тұр. Қасыңда болғың келеді” немесе “Бұл қандай иіс? Бай, таза, еркін” деген комплименттерді жиі естиді Vodka on the Rocks-тың басты ерекшелігі — ащы салқындық пен жұмсақ жылы шлейфтің ойыны. Алғашқыда кардамон мен кориандр сергітеді, жалбыздай салқындық береді. Бірақ артынан иіс жылына бастайды: ревень, амброксан және былғары мен дуб ағашының жылы, терең шлейфі ашылады. Бұл — таза, бірақ мұздай емес, сезімсіз емес – салқын харизма. Бұл парфюм — феромон сияқты емес, бірақ дәл сондай тартатын энергетикаға ие. Адам иісті емес, сіздің аураңызды сезеді. Еркектерде — қымбат стиль, әйелдерде — суық сұлулық. Тұрақтылығы: Vodka on the Rocks — жоғары стойкостьке ие. Теріден 8–10 сағат, киімде бірнеше күн сақталады. Шлейфі ортадан жоғары — иіс бөлмені салқын энергиямен толтырады. Kilian — Vodka on the Rocks — бұл иіс емес, көзқарас. Тым көп айтпайтын, бірақ артында ұзақ есте қалатын адамдар үшін. Қымбат водка сияқты: таза, мөлдір, бірақ кез келген адамға арналмаған.